Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2015 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 5370 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2015 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) он екі немесе одан да көп ай жұмыс істемеген, жұмыссыз адамдар;
      2) елу жастан асқан адамдар;
      3) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.К. Баймағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады