Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 20.01.2016 № 8 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген ішкi сауда ережесіне сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкiмiнiң орынбасары Б.С. Алпысбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Алтынсарин
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Б. Мүсілімов
Әкімдіктің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 117 қаулысына қосымша
Алтынсарин ауданының елді мекендерінде
көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары
1. Большая Чураковка ауылы, Почтовая көшесі Большая чураковка ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының жанында.
2. Щербаково ауылы, Мәриям Хәкімжанова көшесі, Щербаков ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының жанында.
3. Обаған ауылы, Мир көшесі, "Нұр" дүкенінің жанында.
4. Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, аудандық мәдениет үйі ғимаратының жанында.