Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 мамырдағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің "Алтынсарин ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындарын белгілеу туралы" 2015 жылғы 25 мамырдағы № 117 қаулысының ("Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5714 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов