Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 120 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 249 "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5210 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсандағы "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ережесінде (ары қарай Ереже):
10 тармақ Ережеде мемлекеттік және орыс тілінде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"10. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4.";
орыс тіліндегі Ережеде 23 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілде мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Халықовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Б. Ахметов |