Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Приозерный аулдық округі әкімінің 20.10.2015 № 2 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 50 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Приозерный ауылдық округiнің әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин ауданы Приозерный ауылдық округіндегі "Дармен" шаруа қожалығы аумағында ауыл шаруашылық малдарының бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгiленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құкықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардын құкықтарын қорғау департаментінің Алтынсарин аудандық тұтынушылардын құкықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қолдану ұсынылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 20 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Приозерный ауылдық
округінің әкімі Ж. Иралин
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң
Алтынсарин аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
_______________ Ғ. Сейтханов
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құкықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардын
құкықтарын қорғау
департаментінің Алтынсарин
аудандық тұтынушылардын
құкықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
_________________ Б. Мүслімов