Дене шынықтыру - сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 175 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 6034 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. У. Хайруллинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Таукенов

Әкімдіктің       
2015 жылғы 29 қазандағы 
№ 175 қаулысымен бекітілген

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін
тегін пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларының оқушы-балалары

Тегін

3

Балалар үйлерінің оқушы-балалары

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Тегін

6

Студенттер

Тегін

7

Зейнеткерлер

Тегін

      *Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады