Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 228 шешімі және Қостанай облысы Әулиекол ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 51-1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 5516 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 512-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 631-баптарына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылының шекарасы (шегі) оның шегінен жалпы алаңы – 2996,0 гектар жер учаскесі шығарылып және жер қорына қосылып, қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес өзгертілсін.
      2. "Әулиекөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттамасына қажетті өзгерістерді енгізсін.
      3. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   Әулиекөл ауданының әкімі
      _______________ Ю. Волков         _______________ А. Балғарин

      Әулиекөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______________ А. Бондаренко

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады