«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағына 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Әулиекөл ауданында 2015 жылға арналған нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Балғарин
Әкімдіктің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 60
қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданында 2015 жылға арналған нысаналы
топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
1. Жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар.
2. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (он екі ай және одан артық).
3. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.