"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына және Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының ұсынымына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 15 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Т.Әбішовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Балғарин
Әкімдіктің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 195 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Себу мерзімдері |
---|---|---|
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін |
2 |
Жаздық қатты бидай |
18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
3 |
Сұлы |
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
4 |
Арпа |
15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
5 |
Тары |
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
6 |
Күнбағыс |
10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
7 |
Рапс |
20 мамырдан бастап 8 маусымға дейін |
8 |
Зығыр |
12 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
9 |
Мақсары |
10 мамырдан бастап 2 маусымға дейін |
10 |
Қыша |
22 мамырдан бастап 8 маусымға дейін |
11 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін |
12 |
Жемшөптік дақылдар оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
бірінші мерзім – 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім – 5 шілдеден бастап 3 тамызға дейін |
13 |
Сүрлемдік жүгері, күнбағыс |
15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
14 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін |
15 |
Картоп |
5 мамырдан бастап 10 маусымға дейін |
16 |
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер |
бірінші мерзім – 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім – 5 шілдеден бастап 3 тамызға дейін |