"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 177 "Қосағал ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5697 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдедегі "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
"Қосағал ауылының әкімі аппараты", тақырыбы орыс тілінде өзгеріссіз қалады;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қосағал ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы ережесінде (ары қарай – Ереже):
9 тармақ Ережеде мемлекеттік және орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110405, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қосағал ауылы.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғарин |