"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Занының 31-бабына "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғарин |
|
|
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, 44.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
11. Осы Ереже "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.15. Міндеттері:
1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
2) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
3) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
4) аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшылықты "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.19. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң басшысын Әулиекөл ауданы әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.
20. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң басшысының өкiлеттiгi:
1) қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
2) лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
3) iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
4) жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
"Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
21. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.