Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қазанда № 5969 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 20.11.2015 № 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы басшысының міндетін атқарушы ұсынысы негізінде Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысының Денисов ауданы Архангельское ауылында орналасқан «Баталинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың пастереллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. «Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск
      ауылдық округінің әкімі                    А. Әлімбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      «Денисов ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________________ В. Шерер

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетiнiң Денисов
      аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Қ. Исмағұлов

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің
      Қостанай облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      Денисов аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы»
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысының м.а.
      _____________________ С. Бакиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады