Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2015 жылғы 10 қарашадағы № 01-26/356 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысының Денисов ауданы Архангельское ауылында орналасқан ірі қара малдың пастереллез ауруынан таза емес "Баталинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағынан шектеу іс-шаралары 2015 жылғы 20 қарашадан бастап тоқтатылсын.
2. Архангельск ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5969 болып тіркелген, "Наше время" газетінде 2015 жылғы 19 қарашада жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
А. Әлімбаев