2015 жылға субсидиялар алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 124 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 5796 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағар май материалдарының және көктемгі егіспен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға 5 маусымнан бастап 15 маусымға дейін субсидиялар алуға өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С. Оспановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 5 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының
      кәсіпкерлік және ауыл
      шаруашылығы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ____________ Р. Кулетов

Әкімдіктің     
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 124 қаулысына қосымша

2015 жылға субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі
бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жазғы бидай

15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін

2

Арпа

15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

3

Сұлы

15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

4

Мақсары

10 мамырдан бастап 02 маусымға дейін

5

Көкөніс

25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін

6

Бақша дақылдары

25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін

7

Картоп

05 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

8

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

Бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

9

Шабындық және жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

Бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады