Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 168 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 6064 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

Әкімдіктің        
2015 жылғы 26 қарашадағы 
№ 168 қаулысымен бекітілген

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін
тегін пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы - балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы- балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Тегін

6

Студенттер

Тегін

7

Зейнеткерлер

Тегін

      *Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру – сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады