"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Утешов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 202 қаулысымен бекітілген |
"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер1. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жітіқара қаласы әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. Миссия: "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жітіқара қаласы әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етеді.
15. Міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын орындау, қаладағы әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаруды жүзеге асыру;
3) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді ұстанымын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) Президент жүргізіп отырған Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру;
2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
3) "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, құқықтық жалпы оқытуды және басқа да іс-шараларды өткізу;
4) Жітіқара қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
6) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
7) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуді қамтамасыз ету;
8) "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің іс қағаздарын жүргізуін ұйымдастыру;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды ұйымдастыру;
10) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қабылдау;
11) жұмыстың үлгісі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
13) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды тұлғаларға және жеке тұлғалардың өкілдеріне түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын қала әкімі жүзеге асырады.
19. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:
1) "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
2) "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, және әкім орындаушын аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттерге жеке жауап береді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
4) "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
5) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) жеке және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
7) өз құзыреті шегінде "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
8) "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
21. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.