Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 128 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша әкімдік қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 128 қаулысына қосымша

Әкімдіктің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 18 "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5364 тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      2. Әкімдіктің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 86 "Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5430 тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      3. Әкімдіктің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 202 "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5674 тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдедегі "Авангард" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады