"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басым ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын оңтайлы себу мерзімдері туралы 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 хаты негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тізімге қосу үшін өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері - 2015 жылғы 21 шілдеден бастап 24 шілдеге дейін айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.У. Тальтековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 25 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Жітіқара
ауданының әкімі М. Утешов
Әкімдіктің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 244 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір
түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері |
Оңтайлы себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін |
2 |
Жаздық қатты бидай |
18 мамырдан бастап 05 маусымға дейін |
3 |
Сұлы, арпа |
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
4 |
Тары, қарақұмық |
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
5 |
Бұршақтұқымдас дақылдар |
15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін |
6 |
Күнбағыс |
10 мамырдан бастап 05 маусымға дейін |
7 |
Мақсары |
10 мамырдан бастап 02 маусымға дейін |
8 |
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
бірінші мерзім - 01 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 05 шілдеден бастап 31 тамызға дейін |
9 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін |
10 |
Картоп |
05 мамырдан бастап 10 маусымға дейін |