Жер салығы базалық салық ставкаларының түзетулері және бірыңғай жер салығы туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 270 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 5520 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 424 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 19.01.2016 № 424 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-1 тармағына, 444-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық ставкалары он есеге жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының ставкалары он есеге жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Л. Романова

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады