Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 152 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 264 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 5521 болы тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 333 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы №152 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4293 тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашада "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      7- тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлем түрлерін алушыларды есептемегенде, өтініш жасаудың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға табыстарын есепке алмай, техникалық және кәсіби білімі, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты, оқу жылы ішінде нақты шығындары бойынша бөлікпен аударылатын шығындарын өтеуге, 400 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Қыстаубаева

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      __________________ Л.П. Иванченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады