"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында қайта тіркеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Исмағұлов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 238 қаулысымен бекітілген |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ережеге өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жұмыспен қамту және Қарабалық ауданының халқын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің ведомствосы бар - "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: Қарабалық ауданының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.15. Міндеттері:
1) Әлеуметтік әріптестік, халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығының саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру; әлеуметтік қорғау саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсету;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
16. Функциялары:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
2) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
4) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;
5) еңбек нарығын талдау және болжау, еңбек нарығының жай-күйі туралы халыққа және жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;
6) еңбек нарығы бойынша деректер банкін түзу;
7) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.03.2016 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;
13) халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған нормативтік - құқықтық актілерді дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары және міндеттері:
1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің мүдделерін ұсыну;
2) ведомстволық бағыныстағы мекемесіне қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
3) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құзырындағы мәселелер жөнінде өз құзіреті шегінде қажетті ақпаратты сұрату және алу;
4) аудан аумағындағы басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін- өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде өзара әрекет ету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
6) Президенттің, Үкіметтің және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ әкімнің және облыс және аудан әкімдігінің актілерін және тапсырмаларын сапалы, мерзімінде орындау;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекемелерде, өзге де ұйымдарда "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн ұсынады;
2) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттемелер мен мақсаттардың орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданбағаны үшiн жеке жауап бередi;
3) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады;
4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі туралы ережені, құрылымы және штаттық саны жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және қосымша төлемдер, еңбек ақы төлеу қорының экономиялау шегінде қызметкерлерді материалдық ынталандыру (сыйлықақы) бекітеді;
5) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметін үйлестіруді және жалпы басшылықты жасауды жүзеге асырады, ішкі еңбек тәртібін бекітеді, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды;
6) "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерімен міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмыс істелуін бақылайды;
8) құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) азаматтарға жеке қабылдауды жүзеге асырады;
10) өз құзыреті шегінде "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің ақшалай қаражатына өкім жүргізеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.