"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Исмағұлов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 232 қаулысымен бекітілді |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
1. Жалпы ережелер1. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылық ететін, бәсекелестікті дамытуға, қолдауға және қорғауға, сондай ақ жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларын құруға бағытталған Қарабалық ауданының аумағында кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты өткізу функцияларын жүзеге асрайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
3. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясына, басқа нормативтік құқықтық актілерге, оған қоса осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны мен мөрге, белгіленген нұсқаулы бланкіне, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда өз шотына ие.
5. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа өз атынан енеді.
6. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының шегі Қарабалық ауданы әкімімен қолданыстағы заңнама негізінде бекітіледі.
9. Заңды тұлға орны: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ережелер "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.
12. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқық берілсе, бұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның құқығы мен міндеттері,
функциялары, негізгі мақсаттары, миссиясы.
14. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы кәсіпкерлік аясында басқарушылық функцияларды жүзеге асыру.
15. Мақсаттары:
1) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, бәсекелестікті қорғау, сонымен қатар инновациялық қызметте, ғылыми-техникалық саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) экономиканың шикізаттық емес секторына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай құру.
16. Қызметтері:
1) басшымен жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiнің қабылдауын және тiркеуін қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкiлдерiнің жеке қабылдауын ұйымдастыру;
2) баға құрылуының талдауы, өз құзіретінің шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
4) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырады;
5) тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша талаптардың, сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер саладағы ережелер және тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) тұрғындар, қолданыстағы заңнамасының мәселелері бойынша шағын кәсіпкерліктің субъектілер арасында ақпараттық–түсіндіру жұмысын өткізеді;
7) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
8) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
9) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асыруын қамтамасыз етеді және орындау үшін жауапты;
10) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
11) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
13) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту;
14) облыстың кредиттік мекемелердегі бар сыртқы қарыздардың, гранттардың шарттары бойынша кәсіпкерліктің субъектілеріне хабар беру;
15) ауданда Бизнестің жол картасы 2020 мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын координациялау, есептерді дайындау;
16) Даму институттардың, мемлекеттік және ұлттық компаниялардың, сервистік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің және өзге ұйымдардың сарапшыларды және кеңесшілерді тартуымен топты кеңес пен тренингтердің ұйымдастыруы;
17) Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуы болжамының салалық тарауының әзірлеуі, әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі бағыты, аудан дамуының стратегиясы және басымдылығы бойынша ауданның әкімдігіне және әкіміне ұсыныстарды енгізеді.
17. Құқығы мен міндеттері:
1) өз қызметін атқарушы билігінің басқа органдармен өзара әрекеттесіп жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде заңнамамен орнатылған тәртіппен мемлекеттік мекеменің сұрауы бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан, кәсіпкерліктің субъектілерден қажетті ақпараттық материалдарын алу;
3). Заңды тұлғалар мен азаматтармен шарттарды жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын алу, сотта даугер және жауапкер болу;
4) мемлекеттік мекеме құзыретінің сұрақтары бойынша аудан әкімдігімен және әкіммен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
5) қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен өкілеттіктерін жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.
18. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқарушылығы "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмалар мен өз функцияларын іске асыруына дербес жауапты болатын бірінші бастықпен жүзеге асырылады.
19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қарабалық ауданы әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымдық орнынан босатылады.
20. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші бастығының өкілеттігі:
1) бөлім мамандарының міндеттерін анықтайды;
2) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және орнынан босатады;
3) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес Бөлім жұмысшыларын тәртіптік жазаға таратады,материалдық көмек көрсету, ынталандыру сұрақтарын шешеді;
4) сенімхатсыз "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзарақатынастарда "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің таныстыру;
6) штаттық кестесін және құрылымын, міндеттер мен төлемдер бойынша "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындауға міндетті тапсырмалар береді.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді іске асырады.
Мемлекеттік мекемесінің басшысы мекемеде жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысқа жеке жауап береді.
"Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші бастығының өкілетін орындау, оның орнында жоқ болған кезінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасарымен жүзеге асырылады.
21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымдық орнынан босатылатын басшысына жүктеледі.
4. Мемлекеттік мекеме мүлігі
22. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі оралымды басқару құқығында заңнамада қарастырылған жағдайларда жекеленген мүлікке ие бола алады.
"Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесініңнің мүлігі оған жекеменшікпен тапсырылған мүліктің есебінен, оған қоса (қаражат шығындарымен бірге) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған жекеменшік көздерінің және қызметінің нәтижесінде пайда болған мүліктің арқасында қалыптасады.
23. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық жекеменшікке тиесілі болады.
24. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер басқа мүлік заңнамамамен бекітілмеген болса, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен мүліктенуге және басқа тәсілдермен мекемеге бекітілген мүлікке иелік етуге, өздігінен қағажытуға құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және ыдырату
25. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және ыдырату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.