Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 421 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 6146 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 69 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 29.11.2021 № 69 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіру) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіруге тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 11.05.2020 № 492 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 305 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5236 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Он жетінші сессия төрайымы

Р. Кушекбаева

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Е. Аманжолов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшы

      __________________ Д. Шрейдер

      2015 жылғы 24.12.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады