"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басым ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын оңтайлы себу мерзімдері туралы 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 хаты негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тізімге қосу үшін өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері - 2015 жылғы 29 маусымынан бастап 7 шілдеге дейін айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай
ауданының әкімі Т. Исабаев
Әкімдіктің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 357 қаулысына қосымша
2015 жылға субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі
бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басымды ауыл шаруашылығы субсидиаланатын түрлері |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай |
15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін |
2 |
Күздік бидай |
25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін |
3 |
Жаздық қатты бидай |
18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
4 |
Сұлы |
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
5 |
Арпа |
15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
6 |
Тары |
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
7 |
Қарақұмық |
20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін |
8 |
Күздік қара бидай |
25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін |
9 |
Бұршақтұқымдас дақылдар |
15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін |
10 |
Күнбағыс |
10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
11 |
Рапс |
20 мамырдан бастап 8 маусымға дейін |
12 |
Зығыр |
12 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
13 |
Мақсары |
10 мамырдан бастап 2 маусымға дейін |
14 |
Қыша |
22 мамырдан бастап 8 маусымға дейін |
15 |
Арыш |
жазғы - 18 мамырдан бастап 8 маусымға дейін, күздік - 25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін |
16 |
Қытай бұршақ (соя) |
18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
17 |
Картоп |
5 мамырдан бастап 10 маусымға дейін |
18 |
Картоп тамшылатып суаруда |
5 мамырдан бастап 10 маусымға дейін |
19 |
Көкөнiстер |
25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін |
20 |
Көкөнiстер тамшылатып суаруда |
25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін |
21 |
Көкөністер топырақтың қорғалған жағдайларында |
10 наурыздан бастап 30 наурызға дейін |
22 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін |
23 |
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс |
15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
24 |
Сүрлемдік жүгері суаруда |
15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
25 |
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін |
26 |
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер |
бірінші мерзім - 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін |