«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 284 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5746 болып тіркелген, «Арна» газетінде 2015 жылдың 23 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Затобол кенті, Дорожник шағын ауданы, 14 үй, 1 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 101,31 теңге көлемінде;»;
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 11, 12- тармақтарымен толықтырылсын:
«11. Затобол кенті, Нұрай шағын ауданы, 1 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 45 теңге көлемінде;
12. Затобол кенті, Нұрай шағын ауданы, 2 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 50 теңге көлемінде.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай
ауданының әкімі Т. Исабаев