Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 22.05.2024 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы №272 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5241 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Нұрабаев |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | В. Леонов |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
___________ В. Гребенюк | |
"Меңдіқара ауданының экономика | |
және бюджет жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
_______________ Г. Айсенова |