2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 154 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 5760 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басым ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын оңтайлы себу мерзімдері туралы 2015 жылғы 26 мамырдағы № 1-137 хаты негізінде Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тізімге қосу үшін өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері 2015 жылғы 29 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ә. Садуақасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындағын қатынастарға таратылады.

      Меңдіқара ауданының әкімі                  В. Ионенко

Әкімдіктің        
2015 жылғы 10 шілдедегі 
№ 154 қаулысына қосымша 

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі

Оңтайлы себу мерзімдері

жаздық бидай

15 мамырдан 12 маусымға дейін;

күздік бидай

25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;

жаздық қатты бидай

18 мамырдан 05 маусымға дейін;

сұлы

15 мамырдан 15 маусымға дейін;

арпа

15 мамырдан 15 маусымға дейін;

тары

20 мамырдан 15 маусымға дейін;

қарақұмық

20 мамырдан 15 маусымға дейін;

күздік қара бидай

25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;

бұршақтұқымдас дақылдар

15 мамырдан 10 маусымға дейін;

күнбағыс

10 мамырдан 05 маусымға дейін;

рапс

20 мамырдан 08 маусымға дейін;

зығыр

12 мамырдан 05 маусымға дейін;

мақсары

10 мамырдан 02 маусымға дейін;

қыша

22 мамырдан 08 маусымға дейін;

арыш

жаздық - 18 мамырдан 08 маусымға дейін,
күздік – 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;

қытай бұршақ (соя)

18 мамырдан 05 маусымға дейін;

картоп

05 мамырдан 10 маусымға дейін;
(тамшылатып суару)

көкөністер

25 сәуірден 15 маусымға дейін;
(тамшылатып суару)

бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға дейін;

сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

15 мамырдан 05 маусымға дейін;

сүрлемдік жүгері

15 мамырдан 05 маусымға дейін;
(суаруға)

жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

бірінші мерзім - 01 мамырдан 10 маусымға дейін,
екінші мерзім – 05 шілдеден 31 тамызға дейін;
(суаруға)

шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер

бірінші мерзім - 01 мамырдан 10 маусымға дейін,
екінші мерзім – 05 шілдеден 31 тамызға дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады