Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 188 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 5810 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 12.01.2016 № 5 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 221 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4862 тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Ә. Ерқановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ

      Меңдіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ___________В. Леонов
      06.08.2015 ж.

Әкімдіктің      
2015 жылғы 6 тамыздағы 
№ 188 қаулысына    
қосымша        

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің (орталықтың) меңгерушісі;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      2) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
      3) әлеуметтік педагог;
      4) педагог-ұйымдастырушы;
      5) қосымша білім беру педагогы;
      6) педагог-психолог;
      7) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
      8) интернат меңгерушісі;
      9) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      10) музыкалық жетекші;
      11) аға жетекші;
      12) лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
      13) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
      14) зертхана, кабинет меңгерушісі;
      15) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      16) мәдени ұйымдастырушы;
      17) аға әдіскер, әдіскер;
      18) медициналық бике, емдәм бикесі;
      19) кітапханашы;
      20) балетмейстер;
      21) хормейстер;
      22) спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы;
      23) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы;
      24) дефектолог- мұғалім, логопед-мұғалім, логопед.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы;
      2) үйірме жетекшісі;
      3) барлық атаудағы суретшілер;
      4) әдіскер, аға әдіскер;
      5) аға кітапханашы, кітапханашы, библиограф;
      6) режиссер, дыбыс режиссері;
      7) музыкалық жетекші, аккомпаниатор;
      8) мәдени ұйымдастырушы;
      9) бөлім меңгерушісі;
      10) хормейстер, хореограф, балетмейстер;
      11) көркем жетекші;
      12) маман;
      13) оқытушы.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) директордың орынбасары;
      3) әдіскер;
      4) жаттықтырушы-оқытушы;
      5) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады