Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 06.08.2015 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Жақаев
КЕЛІСІЛДІ
Меңдіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
_______ В. Леонов
Әкімдіктің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 221 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұыймдарындағы директордың (басшының) ғалыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
2) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
3) әлеуметтік педагог;
4) педагог-ұйымдастырушы;
5) қосымша білім педагогы;
6) педагог-психолог;
7) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
8) интернат меңгерушісі;
9) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
10) музыкалық жетекші;
11) аға тәлімгер;
12) лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
13) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
14) зертхана, кабинет меңгерушісі;
15) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
16) мәдени ұйымдастырушы;
17) аға әдіскер, әдіскер;
18) медициналық бике;
19) кітапханашы;
20) балетмейстер;
21) хормейстер;
22) спорт жөніндегі;
23) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) үйірме жетекшісі;
3) барлық атаудағы суретшілер;
4) әдіскер, аға әдіскер;
5) кітапханашы;
6) режиссер;
7) музыкалық жетекші, сүйемелдеуші;
8) мәдени ұйымдастырушы.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) әдіскер;
2) жаттықтырушы;
3) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) мал дәрігері;
2) мал фельдшері.