Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 171 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 тамызда № 5833 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5234 тіркелген, 2015 жылғы 08 қаңтарда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі 16-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "27-1) халыққа психологиялық-медициналық–педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді";
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тізбесі мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
      "38) Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Меңдіқара ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.В. Швыдченкоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады