2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 51 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 5361 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі ай және одан да көп);
      елу жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Н. Тұрабековқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                Э. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады