2015 жылға субсидиялар алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 233 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 5770 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 07-14/4 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 07-14/4 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының  10-тармағына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 1 маусымынан 15 маусымға дейін субсидиялар алуға өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Э. Күзенбаев

Әкімдіктің     
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 233 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір
түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

3

Күздік бидай

25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін

4

Күздік қара бидай

25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін

5

Сұлы

15 мамырдан бастап 12 маусымға дейін

6

Арпа

15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

7

Тары

20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

8

Қарақұмық

20 мамырдан бастап 15 маусымға дейін

9

Бұршақтұқымдас дақылдар

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

10

Күнбағыс

10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

11

Рапс

20 мамырдан бастап 8 маусымға дейін

12

Зығыр

12 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

13

Мақсары

10 мамырдан бастап 2 маусымға дейін

14

Қыша

22 мамырдан бастап 8 маусымға дейін

15

Арыш

Жазғы - 18 мамырдан бастап 8 маусымға дейін, күзгі – 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін

16

Қытай бұршақ

18 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

17

Бақша дақылдары

25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін

18

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

бірінші мерзім – 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім – 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

19

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

20

Сүрлемдік жүгері

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

21

Көкөністер

25 сәуірден бастап 15 маусымға дейін

22

Картоп

5 мамырдан бастап 10 маусымға дейін

23

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

бірінші мерзім – 1 мамырдан бастап 10 маусымға дейін, екінші мерзім – 5 шілдеден бастап 31 тамызға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады