"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 278 шешімнің, күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5615 тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдеде "Маяк" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алпысыншы кезектен тыс,
сессияның төрайымы А. Даданова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы С. Жолдыбаев