"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 73 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 5483 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 20.05.2016 № 80 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес,Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімi А. Ыбраев

  Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 73 қаулысымен бекітілген

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар.
      3. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 70 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары

      14. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың жетілуіне және дамуына бөлімнің жәрдемдесуі болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптыстыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту.
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады;
      16. Функциялары:
      1) әрбiр адамның зияткерлiк дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қолжетiмдiлiгi;
      білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
      білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      6) патронаттық тәрбиешілердің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлейді;
      7) ақпараттық жүйелерді оңтайландыру және автоматтандыру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері.
      1) өз құзыреттілігі шегінде ведомствоға бағынысты ұйымдарымен орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
      2) ведомствоға бағынысты ұйымдардағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреттілігі шегінде және аудан әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомствоға бағынысты ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады, ондағы қызметкерлердің штаттық санын анықтайды;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      2) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап береді;
      3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      4) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды аудан әкіміне бекітуіне енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақылар) белгілейді;
      5) оның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      21. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Жұмыс тәртібі аудан әкімінің өкімімен бекітілген "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 30.10.2015 № 211 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арзамасс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бауман орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ершов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Киев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Киров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Куйбышев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Новопокров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пресногорьков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ресей орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Соколов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Суворов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Троебратск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Обаған орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ұзынкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 Ұзынкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Федоров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Белоглин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бірлік бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Павлов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сибир негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Чапай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Воскресен бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Песчанка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Есмырза бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отын-Ағаш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үкіатқан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балалар өнер үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      28) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      31) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      32) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданы білім беру бөлімінің "Нұрбөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33) "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұзынкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады