"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 73 "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5483 тіркелген, "Нұрлы жол" газетінде 2015 жылы 16 сәуірде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінің тарауында көрсетілген "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі келесі мазмұнда 34)-тармақшасымен толықтырылсын:
"34) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұзынкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушысы | Б. Мұхамедяров |