Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 283 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 5539 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 348 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 03.03.2020 № 348 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұзынкөл аудандық

мәслихатының кезекті

сессиясының төрайымы

С. Руденко

Ұзынкөл аудандық

мәслихатының хатшысы

В. Вербовой



  Мәслихаттың
  2015 жылғы 20 наурыздағы
  № 283 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Пресногорьков ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Пресногорьков ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Пресногорьков ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Пресногорьков ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Пресногорьков ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Пресногорьков ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Пресногорьков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Пресногорьков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Пресногорьков ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Пресногорьков ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Пресногорьков ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.


  Мәслихаттың
  2015 жылғы 20 наурыздағы
  № 283 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Пресногорьковка ауылының тұрғындарына


130


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Волна ауылының тұрғындарына


12


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Первомайка ауылының тұрғындарына


11


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Гренадерка ауылының тұрғындарына


7


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Крутоярка ауылының тұрғындарына


7


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Песчанка ауылының тұрғындарына


13


Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Октябрьское ауылының тұрғындарына


5



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады