Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4970 тіркелген, 2014 жылғы 14 тамыздағы "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған) № 232 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Ахметов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 221 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорының басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
2) интернат меңгерушісі;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) медициналық бике;
5) зертханашы;
6) емдәм бикесі;
7) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше (орталық) меңгерушісі;
8) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
9) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2.Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорының басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
3) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің басшысы;
4) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
5) әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
6) интернат меңгерушісі;
7) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
8) кітапханашы;
9) жетекші;
10) тәрбиеші;
11) нұсқаушы;
12) логопед;
13) медициналық бике;
14) әдістемеші;
15) музыкалық жетекші;
16) психолог;
17) әлеуметтік педагог;
18) емдәм бикесі;
19) аккомпаниатор;
20) үйірме жетекшісі.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) көркемдік жетекші;
3) кітапхана меңгерушісі;
4) аккомпаниатор;
5) кітапханашы;
6) дыбыс режиссері;
7) мәдени ұйымдастырушы;
8) әдістемеші;
9) музыкалық жетекші;
10) хореограф;
11) барлық атаудағы суретшілер;
12) жарық аппаратураның операторы;
13) дыбыс жазба операторы.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) әдіскер;
2) жаттықтырушы;
3) нұсқаушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) мал дәрігері;
2) ветеринарлық фельдшер.