Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 4/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда № 4286 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 349/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 11.10.2018 № 349/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 ақпанда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 25 ақпанда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      20-тармақ келесі мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:

      21) мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жуапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

      22) қауіпті техникалық қондырғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      23) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      24) 0,07 Мегапаскальдан жоғары және судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш тетіктердің, эскалаторлардың, арқан жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

      25) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;

      26) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;

      27) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

      28) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;

      29) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;

      30) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      31) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

      32) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту;

      33) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту;

      34) Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу;

      35) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын бекіту;

      36) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендері) бекітілген қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілерді, эскалаторларды, фуникулерлерді) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.".

      2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады