Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 349/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 6099 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шараушылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ. Е. Жазылбек жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы "11" қазандағы
№ 349/6 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 ақпанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 4/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Регион.кz" газетінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 127/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шараушылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 55/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5016 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады