Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 74/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 4449 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттары бекітілсін.
      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "17" наурыздағы
№ 74/3 қаулысымен
бекітілген

Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль
жолдарын жіктеу тәртібі мен шарттары
1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу тәртібі мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Жiктеу тәртiбi және шарттары

      2. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық атқарушы органы автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу туралы материалдарды автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға келісуге жібереді.
      4. Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды және автомобиль жолын кейiннен жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық атқарушы органына жазбаша келiсiм жiбередi.
      Автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық атқарушы органы келiсуге материалдарды толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынған жағдайда барлық кемшiлiктердi жою үшiн материалдарды қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады