Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері бекітілсін.
2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушысы | Д. Тұрғанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
Министрлігі Автомобиль жолдары | |
комитетінің төрағасы | М. Пішембаев |
2015 жылғы "3" тамыз |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы " 28 " шілдедегі № 223/8 қаулысымен бекітілген |
Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
Р/c № | Автомобиль жолдары индекстері | Автомобиль жолдары атаулары | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | KS-1 | Ленин – Ертіс – Русская Поляна | 272 |
2 | KS-2 | Окунев өткеліне кіреберіс жол | 9 |
3 | KS-3 | Подстепка өткеліне кіреберіс жол | 6,272 |
4 | KS-4 | Беловка – Қалқаман | 61 |
5 | KS-5 | Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол | 6,5 |
6 | KS-6 | Ақтоғай – Шолақсор | 164 |
7 | KS-7 | Ертіс – Пятирыжск (өткел) | 6,2 |
8 | KS-8 | Ертіс – Ертіс станциясы | 67,1 |
9 | KS-9 | Панфилово – Бестөбе | 121,6 |
10 | KS-10 | Ивановка – Трофимовка – РФ шекарасы | 95 |
11 | KS-11 | Шақат – Восточное – Шалдай | 121,6 |
12 | KS-12 | Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол | 2,5 |
13 | KS-13 | Окунев өткеліне кіреберіс жол | 3,5 |
14 | KS-14 | Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты | 149 |
15 | KS-15 | Павловка – Галицкое | 40 |
16 | KS-16 | Екібастұз – ГРЭС-2 | 26,9 |
17 | KS-17 | Майқайың – Екібастұз | 29 |