Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі "2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" № 96/4 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 299/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қарашада № 4785 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі "2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" № 96/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 мамырда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      прембуласы келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201-жолдармен толықтырылсын.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
      2015 жылғы "30" қазан

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 299/10 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "7" сәуірдегі
№ 96/4 қаулысына
қосымша

195.
Ластик Экстра, эмульсия концентраты (фенокса-проп-п-этил, 70 г/л+клоквинтосет-мексил (антидот), 40 г/л)
литр
50
1664
196.
Эстерон, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л)
литр
30
555
197.
Форвард, майлы эмульсия концентраты
(хизалофоп-п-этил, 60 г/л)
литр
30
1155
198.
Дублон голд, сулы диспергерленетін түйіршіктер (никосульфурон, 600 г/л+тиенсульфурон-метил,
150 г/кг)
килограмм
30
45437
199.
Лазурит, суланатын ұнтақ (метрибузин, 700 г\кг)
килограмм
30
3894
200.
Ластик Экстра, эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил,70 г/л+клоквинтосет-мексил (антидот), 40 г/л)
литр
30
998
201.
Эскудо, сулы диспергерленетін түйіршіктер (римсульфурон, 500 г/кг)
килограмм
30
105398

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады