Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 111/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3762 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Сарыарқа самалы" "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта:
3) және 16)-тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
"3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана, музей, мұрағат ісін және құжаттаманы дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, олардың қызметін қамтамасыз етеді;";
"16) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәнгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;";
20-тармақ келесі мазмұндағы 61), 62), 63)-тармақшалармен толықтырылсын:
"61) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау жөнінде жұмыс жүргізеді;
62) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
63) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді.".
2. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Дычко |