Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 11.07.2022 № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 19-1/446 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 219/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 42 қаулысына, бекітілген жобалау құжаттамаға" деген сөздер мен "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" № 19-1/446 бұйрығына" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |