Павлодар облысы Ертіс ауданының Тасқұдық, Ақбетей, Ақтайлақ, Шұбарат, Қостомар, Бескепе, Төбелес ауылдарын тарату туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 405/46 шешімі және Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4895 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Ертіс ауданының өкілдік және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мыналар таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданы Қосағаш ауылының құрамына енгізу арқылы Қосағаш ауылдық округінің Тасқұдық ауылы;
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданы Луговой ауылының құрамына енгізу арқылы Луговой ауылдық округінің Ақбетей ауылы;
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданы Ұзынсу ауылының құрамына енгізу арқылы Ұзынсу ауылдық округінің Ақтайлақ ауылы;
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылының құрамына енгізу арқылы Шұбарат ауылы;
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылының құрамына енгізу арқылы Қостомар ауылы;
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданы Ағашорын ауылының құрамына енгізу арқылы Ағашорын ауылдық округінің Бескепе ауылы;
      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және аумағын Ертіс ауданының Северный ауылдық округі Степной ауылының құрамына енгізу арқылы Төбелес ауылы.
      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар облысының әкімі Қ. Бозымбаев
      Сессия төрағасы С. Сыздықов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады