"Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 268/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 4400 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 10.04.2017 № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "4" наурыздағы
№ 268/5 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар қаласы білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы өзінің шектеулі құзыретінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
      10. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел образования города Павлодара".
      12. Мемлекет Павлодар қаласының әкімдігі тұлғасында "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Павлодар қаласы білім беру бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар қаласы білім беру бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      17. Кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
      18. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: қала деңгейінде білім беру саласы дамуындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      19. Міндеттері:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
      2) мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесіндегі материалдық–техникалық базасын құру, нығайту және олардың инфрақұрылымын дамыту;
      3) білім беру саласындағы әлеуметтік–экономикалық міндеттер мен қалалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметтері сапасын қамтамасыз ету;
      5) білім беру саласындағы қаланың және басқа аймақтардың ғылыми мекемелерімен қарым–қатынастар жасау.
      20. Функциялары:
      1) білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын іске асыру, оларды дамыту бағдарламалары бойынша болжамдық, ағымдық, мақсатты шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      2) білім беру жүйесін дамыту саласындағы қалалық ұйымдардың, бірлестіктердің, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
      3) ведомстволық мекемелер үшін мамандарды дайындауға тапсырыстарды қалыптастыру, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, ғылым мен практика жетістіктерін, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды ескере отырып, тәжірибеге оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізуге бағытталған шаралар жүйесі арқылы олардың біліктіліктерін арттыру;
      4) бөлімнің әдістемелік кабинеті арқылы білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындау бойынша әдістемелік көмек көрсету;
      5) бірыңғай үздіксіз білім беруді құру және дамыту;
      6) бөлімнің орталықтандырылған бухгалтериясы арқылы ведомстволық білім беру мекемелерінің қаржылық–шаруашылық қызметін үйлестіру;
      7) білім беру мәселелері бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар, конкурстар өткізу;
      8) заңнамамен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етуге;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыруға;
      4) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға;
      6) қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға міндетті.
      Міндеттері:
      1) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуді ұйымдастыруға;
      2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуге;
      3) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;
      4) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыруға;
      5) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге.
      6) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы орта білім беру мектептеріне тасымалдаудың нобайы мен тәртібін жасауға және бекітуге;
      7) ақшалай қаражатты ағымдағы есеп шотына аудару арқылы қамқоршы тәрбиешінің еңбекақысын төлеуге;
      8) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 24.02.2016 № 179/4 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
      Ескерту. 21- тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 24.02.2016 № 179/4 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      23. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      25. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
      3) басшы бұйрықтарын шығарады;
      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
      6) "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
      9) белгіленген заңнама тәртібінде шарттар жасайды;
      10) сенімхаттар береді;
      11) "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      12) "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      13) "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
      14) "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      15) "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      16) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өклеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      27. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      28. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      29. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Павлодар қаласы білім беру бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      31. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      33. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.

"Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      35. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:
      1) "Павлодар қаласының № 1 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Павлодар қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Павлодар қаласының № 5 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Павлодар қаласының № 9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Павлодар қаласының № 11 модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Павлодар қаласының № 13 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Павлодар қаласының № 15 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Павлодар қаласының № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Павлодар қаласының № 18 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Павлодар қаласының № 22 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Павлодар қаласының № 23 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Павлодар қаласының № 27 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Павлодар қаласының № 29 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Павлодар қаласының № 31 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) "Павлодар қаласының № 32 жалпы негізгі білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) "Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      31) "Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      32) "Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      33) "Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      34) "Павлодар қаласының № 38 жалпы негізгі білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      35) "Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      36) "Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      37) "Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру–сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      38) "Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы № 42 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      39) "Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      40) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 44 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      41) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 45 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      42) Павлодар қаласының "Стикс" бейіндік бағыттағы мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      43) "Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      44) "Павлодар қаласының Жетекші орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      45) "Павлодар қаласының № 2 оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік мекемесі;
      46) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 1 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      47) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 2 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      48) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      49) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 4 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      50) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 5 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      51) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 6 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      52) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 7 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      53) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      54) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 9 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      55) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      56) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 11 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      57) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "№ 12 мемлекеттік тілде оқытатын сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      58) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі № 14 бала бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      59) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Ленин кентінің № 15 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      60) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 16 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      61) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 17 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      62) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 18 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      63) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 19 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      64) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      65) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 21 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      66) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған санаторлық үлгідегі № 22 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      67) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 23 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      68) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 24 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      69) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының туберкулез инфекциясы ерте білінген, туберкулездің кіші және өшу формалары бар балаларға арналған санаторлық үлгідегі № 25 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      70) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 26 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      71) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 27 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      72) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 28 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      73) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 29 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      74) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 30 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      75) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 31 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      76) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 32 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      77) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 33 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      78) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 34 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      79) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 35 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      80) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Ленин кентінің шағын мектепке дейінгі білім беретін ұйым № 36 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      81) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 37 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      82) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 38 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      83) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының ой–өрісі бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі № 39 балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      84) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 40 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      85) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 41 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      86) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 42 оқу–тәрбие кешені мектепке дейінгі гимназия – гимназияның бейімдеу сыныптар мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      87) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 43 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      88) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      89) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 45 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      90) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 46 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      91) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Мойылды ауылының № 47 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      92) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 48 санаторлық сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      93) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      94) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 50 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      95) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 51 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      96) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      97) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 53 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      98) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 72 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      99) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 79 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      100) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      101) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 84 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      102) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 85 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      103) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 86 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      104) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 93 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      105) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы – "Радуга" үйлесімді даму Орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      106) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 102 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      107) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 104 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      108) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған санаторлық үлгідегі № 111 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      109) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 112 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      110) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 115 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      111) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 116 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      112) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар ауылының № 117 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      113) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "№ 120 - мемлекеттік тілде оқытатын этномәдени тәрбие беру орталығы - сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      114) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 121 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      115) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 122 мектепте дейінгі гимназиясы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      116) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 126 сәбилер бақшасы - балалардың эстетикалық даму орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      117) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      118) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "№ 2 балалар музыка мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      119) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "№ 3 балалар музыка мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      120) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Кенжекөл с. балалар музыка мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      121) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "№ 1 балалар көркемсурет мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      122) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "№ 2 балалар көркемсурет мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      123) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар техникалық мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      124) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар–жасөспірімдер экология және туризм орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      125) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      126) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      127) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Жігер" балалар–жасөспірімдер клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      128) "Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 24.02.2016 № 179/4 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады