Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 268/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 179/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4991 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 10.04.2017 № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде № 17 "Наша жизнь" газетінде жарияланған) № 268/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы Ережеде:
      21-тармақтағы 8) тармақша алынып тасталсын;
      35-тармақтағы 92), 93) және 128) тармақшалар мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "92) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 48 санаторлық сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      93) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;";
      "128) "Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі.".
      2. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялуға жіберілуін;
      осы қаулының интернет ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады