"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 244/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 сәуірде № 4445 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 244/4 қаулысымен
бекітілді

“Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт
бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.

      6. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 60.

      10. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение “Отдел физической культуры и спорта города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы Ақсу қаласының аумағында – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға барлығының бірдейлігі мен қолжетімділігін, дене шынықтырудың сабақтастығы мен үздіксіздігін, қамтамасыз ету дене шынықтыру және спортты бейімдеп дамытуды жүзеге асыру.

      17. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақсу қаласының аумағында дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      18. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметі дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Ақсу қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту;

      2) халыққа дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдайлар жасау;

      3) Ақсу қаласында жаппай спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      4) Ақсу қаласында дене шынықтыру-спорт қозғалысын насихаттау;

      5) Ақсу қаласында дене шынықтыру және спортты ынталандырып қолдау;

      6) Ақсу қаласында дене шынықтыру және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базаларын дамыту.

      20. Функциялары:

      1) Ақсу қаласында дене шынықтыру және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға жағдай жасау;

      2) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнінде мемлекеттік пен өңірлік бағдарламаларды іске асыру;

      3) қалалық деңгейде спорт түрлерінен жарыстар өткізу;

      4) спорттың әр-түрлерінен қалалық құрама командалардың дайындығын және олардың спорт жарыстарына шығуын қамтамасыз ету;

      5) Ақсу қаласында жаппай спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      6) қалалық оқу-спорт орындарының қызметін үйлестіру;

      7) Ақсу қаласында спорт ұйымдарына әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;

      8) қалалық мамандандырылмаған балалар жасөспірімдер спорт мектебімен қамтамасыз ету;

      9) спортшыларға спорт дәрежелерін беруі; 2-дәрежелі спортшы, 3-дәрежелі спортшы, 1-дәрежелі жасөспірім спортшы, 2 дәрежелі жасөспірім спортшы, 3 дәрежелі жасөспірім спортшы;

      10) спорттық санаттарын беру; екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы, екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі жаттықтырушы, екінші санаттың біліктілігі жоғары әдіскер, екінші санаттың біліктілігі орташа деңгейдегі әдіскер, екінші санаттың біліктілігі жоғары деңгейдегі спортшы-нұсқаушы, спорт төрешісі;

      11) спорттық бұқаралық іс-шараларды бірыңғай өңірлік күнтізбелік жоспарын іске асыру;

      12) Ақсу қаласында спорт іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін үйлестіру;

      13) Ақсу қаласы бойынша дене шынықтыру және спорт бойынша мәліметтерді, оның ішінде дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша статистикалық деректерді талдау және облыстың атқарушы органына ұсыну;

      14) Қалалық деңгейде спорт түрлерінен құрама командаларды қалыптастыру және тізімдерін бекіту;

      15) Ақсу қаласында ресми дене шынықтыру және спорттық іс шараларды өткізу барысында медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

      16) Ақсу қаласында арнайы дене шынықтыру және спорттық іс шараларды өткізу барысында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      17) Ақсу қаласында спорт ғимараттарының құрылысын және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзірет шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі құқылы:

      мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға;

      “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

      қала әкімдігі мен әкіміне Ақсу қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері туралы ұсыныстар енгізу.

      2) “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі міндетті:

      спорт және дене шынықтыру сұрақтары бойынша облыс және қала әкімдігінің және әкімінің заңнамалық актілеріне, және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін заңнама нормасына сай сапалы түрде жүзеге асыру.

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

3. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      24. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілетіндегі:

      1) “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін кезметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым қатынаста “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      5) “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

      7) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы және еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт
бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінде, заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында жеке мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі арқылы, сондай-ақ (қаражат шығындарын қосқанда) жеке қызметі нәтижесінде алынған мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі”
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігіндегі келесі ұйымдар бар:

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының “Достық” стадионы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің, “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің “Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі “Ақсу қаласының № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады