Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіптік секторын, экологияны және табиғатты пайдалануды дамыту бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кезінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Э. Абдинов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |