Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 49/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 тамызда № 5226 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 497/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 08.01.2021 № 497/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Екібастұз қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Павлодар облысы Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі "Отарқа" газетінде, 2015 жылғы 30 шілдедегі "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 331/39 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Садвакасов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады